Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

 Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Стереометрия аксиомалары. Кеңістіктегі параллельдік
Сабақ тақырыбы: Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1 стереометрия аксиомаларын және олардың салдарларын білу; оларды кескіндеу және математикалық символдар арқылы жазып көрсету.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- стереометрия аксиомаларын, олардың салдарын біледі;
-математикалық терминдерді дұрыс пайдаланып, стереометрияның аксиомаларын кесіндейді және жазады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу. Жұпқа бөлу.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын оқушылармен бірге анықтау.
Өткен материалды қайталау.
Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1. Стереометрия дегеніміз не? (Стереометрия – фигуралардың қасиеттерін кеңістікте зерттейтін геометрияның бөлімі).
2. Стереометрияда қандай негізгі фигуралар болады? Неліктен?
Жұппен жұмыс.(қосымша 1)
Оқушыларға стереометрия аксиомалары жазылған кеспе қағаздары таратылады және аксиомалардың әрқайсысын математикалық таңбалар арқылы жазуды ұсынылады.
Жаңа материал.
bilimland.kz сайтындағы бейнематериалды көру
Аксиомадан шығатын салдар:
Теорема 1. Түзу және түзуде жатпайтын нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз.

(видеодәлелдеу)
1) a түзуі және осы түзуде жатпайтын A нүктесін қарастырайық.
2) a түзуінің бойынан B және C нүктелерін таңдап алайық.
3) осы 3 нүктенің үшеуі де бір түзу бойында жатпағандықтан екінші аксиома бойынша A, B, C нүктелері арқылы жалғыз α жазықтықтығын жүргізуге болады.
4) a түзуінің B және C нүктелері α жазықтығында жатқандықта , үшінші аксиома бойынша жазықтық a түзуі және A нүктесі арқылы өтеді. Дәлелденді
(конспект, 1,2-жаттығулар).
Теорема 2. Өзара қиылысатын екі түзу арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол жалғыз.

(видеодәлелдеу):
1) C нүктесінде қиылысатын a және b түзулерін қарастырайық.
2) a түзуінен A нүктесін, b түзуінен B нүктесін C нүктесінен өзгеше белгілейік.
3) Екінші аксиома бойынша A, B және C нүктелері арқылы жалғыз α жазықтықтығын жүргізуге болады. Демек, a және b түзулері α жазықтықтығында жатыр (үшінші аксиома бойынша).
(конспект, 3,4-жаттығулар).
Сұрақтарға жауап беруді және өздерінің жауаптарын негіздеуді сұраңыз:
Бекітуге берілген жаттығулар.
Оқушылар стереометрия аксиомалары мен салдарды қолдана отырып негіздемелер жасайды.
Қабілеті жоғары оқушыларға №12-№15 тапсырмаларды орындауға беріледі (слайд 23-27 қосымша). .....



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ 10 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Стереометрия аксиомалары және оның салдарлары 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]