Вектор ұғымы 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

 Вектор ұғымы 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Вектор ұғымы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.3.4.1 вектордың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар векторлардың, тең және қарама-қарсы векторлардың және вектордың ұзындығынын анықтамаларын біледі;
9.1.4.2 векторлардың қосындысының, векторлардың айырмасының, вектордың санға көбейтіндісінің векторларын сала біледі;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
вектор анықтамасын, нөлдік вектордың, бірлік вектордың, коллинеар, қарама-қарсы, тең векторлар анықтамасын біледі;
- векторлардың қосындысының, векторлардың айырмасының, вектордың санға көбейтіндісінің векторларын сала біледі;

І. Ұйымдастыру кезеңі: (Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру)
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Тек сандық мәндерімен ғана анықталатын шамаларды скаляр шамалар деп атайды.
Бағыты бар кесінді вектор деп аталады. Басқаша айтқанда, егер кесіндінің ұштары басы және соңы деп аталатын болса, онда мұндай кесіндіні вектор деп атаймыз.
"Вектор" (“vehere”) сөзін латын тілінен аударғанда, "әкелу", "жеткізу" деген мағынаны білдіреді.
Сонымен біз вектор деп, бағытталған кесіндіні айтатын боламыз. Вектордың бағытын анықтағанда, оның бас нүктесі мен ұшын көрсетіп белгілейді. Сызбада вектордың бағытын нұсқармен белгілейді. Векторларды белгілеу үшін латын әріптерінің кіші таңбалары: a,b,c... қолданылады. Сондай-ақ векторды бас әріптермен бас нүктесі мен ұшын көрсетіп те белгілеуге болады. Мұнда вектордың бас нүктесі алдымен жазылады. «Вектор» дегеннің орнына әріптік белгі үстіне кейде нұсқар не сызықша койылады: a⃗ немесе (АВ) ⃗.
Векторды кескіндеп тұрған кесіндінің ұзындығы немесе вектордың бастапқы нүктесі мен ұшының арақашықтығы вектордың ұзындығын анықтайды. Вектордың ұзындығына тең сан вектордың модулі немесе абсолюттік шамасы деп те аталады.
(АВ) ⃗ векторының модулі |(АВ) ⃗| немесе а ⃗. векторының модулі |а ⃗ | деп белгіленеді.
Вектордың ұзындығы бірге тең болса, ол бірлік вектор деп аталады.
Бастапқы нүктесі мен ұшы беттескен векторды нөлдік вектор деп атайды. Нөлдік вектор |0 ⃗ |деп белгіленеді.
Нөлдік вектордың ұзындығы нөлге тең және бағыты болмайды
Егер екі вектордың бастапқы нүктелерінің орналасуы байланыссыз,
өлшемдері және бағыттары бірдей болатын болса, онда олар тең векторлар деп аталады.
Нөлдік емес екі вектор бір түзудің немесе параллель түзулердің бойында жатса, оларды коллинеар векторлар дейді.
Жұппен жұмыс. Қосымша №1
ABCD параллелограмм берілген.

1. векторына тең векторды атаңыздар
2. векторына қарама - қарсы векторды атаңыздар
3. + векторын атаңыздар
4. векторын атаңыздар
5. векторын атаңыздар
6. векторын атаңыздар
7. векторын атаңыздар
8. Берілген векторларға сәйкес белгілеулерді тап.

Жауаптары:
ABCD параллелограмм берілген.
1. векторына тең векторды атаңыздар. жауабы:DC
2. векторына қарама - қарсы векторды атаңыздар. жауабы:CD
3. + векторын атаңыздар. жауабы:AC
4. векторын атаңыздар. жауабы: DB
5. векторын атаңыздар. жауабы:BD
6. векторын атаңыздар. жауабы:
7. векторын атаңыздар. жауабы:CO
Жеке жұмыс. Қосымша №2
_Өзіндік жұмыс
«Векторларды қосу және азайту»
Оқушының аты-жөні:______________________________ Сыныбы:______
Төменде берілген мысалға қараңыз.

1 тапсырма. Осы мысалға қарап келесі тапсырмаларды орындаңыздар. Векторларды және векторлары арқылы өрнектеңіз.

2 тапсырма.Векторларды және векторлары арқылы өрнектеңіз.

3 тапсырма. Коллинеар векторларды қосу және азайтуға мысал келтіріңіз.

4 тапсырма. Коллинеар емес векторларды қосу және азайтудың үш тәсілдерін атаңыз және мысал келтіріңіз.......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Вектор ұғымы 2-сабақ 9 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Вектор ұғымы 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]