Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

 Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.11 векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін біледі.
9.3.4.12 векторлардың скалярлық көбейтіндісін табады.
Сабақ мақсаттары: Векторлардың скалярлық көбейтіндісінің формуласын түсіну, қолдану.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың дәптерлерін өзара алмастыру арқылы үй жұмысын тексеру.
Вектор тақырыбына өтілгендерді қысқаша түрде еске түсіру, синус, косинустардың геометриялық мағынасын еске түсіру.

Оқушылармен векторларды қосу, азайту және санға көбейту амалдарын қайталаңыздар. Сонымен бірге физика курсынан оқушыларға келесі белгілі: егер дене А нүктесінен В нүктесіне F тұрақты күшпен жылжыса, онда жасалған механикалық жұмыс |F ⃗ ||(AB) ⃗ |cosφ, мұндағы φ=∠(F ⃗,(AB) ⃗ ) болатынын біледі.

Бұдан векторларға қолданылатын тағы бір амалды енгізу қажеттілігі туындайды. Скаляр көбейту – векторлардың модульдары мен олардың арасындағы бұрыштың косинусына көбейтіндісі.

Скаляр көбейтудің қасиеттері мен векторлардың координаталары арқылы өрнектелген формуласын қарастырыңыздар.

Оқушыларға келесі тапсырмаларды топта орындау үшін ұсыныңыз:
1) a ⃗(5;2) және b ⃗(x;6) векторлары берілген. х-тың қандай мәнінде а және b векторларының арасындағы бұрыш: 1) сүйір; 2) тік; 3) доғал.
2) n ⃗(-3;1) векторына коллинеар және m ⃗∙n ⃗=24 болатындай m векторының координаталарын табыңыз.
3) m ⃗(2;5) векторына перпендикуляр және модулі m векторының модуліне тең болатын вектордың координаталарын табыңыз........



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ 9 сынып геометрия, геометриядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, геометрия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал, Векторлардың скалярлық көбейтіндісі 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]