Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу. (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

 Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу. (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, қасиеттері және графигі
Сабақ тақырыбы: Функция графиктерін түрлендіру. Сығу және созу.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.2 функция графиктерін түрлендіруді орындай алу ( сығу және созу)
Сабақ мақсаттары: - функцияның графигін координаталар осьтері бойымен сығу және созу түрлендіруін берілген функцияға қолдану машығын қалыптастыру;
- қарастырылатын есепке мақсат қою, оның орындалу шарттарын нақтылау, сызба жұмысын дұрыс жүргізу;
- есеп шығаруда кездесетін қателіктерді жою және тиімді тәсілмен шығару жолдарын таба білуге үйрету;

Ұйымдастыру кезеңі:
1 Оқушылармен амандасу. «Бағдаршам» стратегиясын қолданып, жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Жасыл түс – көңіл-күйім керемет
Сары түс – көңіл-күйім жақсы
Қызыл түс – көңіл-күйім онша емес.
2.Стартер: «Миға шабуыл»
Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру және қателерін түзету жұмысын өткізу.
Қосымша №1.
3. Сабақ тақырыбымен таныстыру (Сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатының қандай болатыны туралы ойлауды ұсыну және оны жалпы сыныппен бекіту.)

Жаңа сабаққа кіріспе:
1. Функция графиктері арқылы сыныппен талдау және қорытынды жасау.
Мақсаты: Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, жаңадан қандай түрлендіру орындалғанын сипаттап айту және оны қорытындылау. (Мынадай сұрақтар қоюға болады: 1) Графигі берілген функция қалай аталады және графигі қандай түрлендіру арқылы салынған?)
(Қосымша №2)
2. Жаңа сабақ: Оқушыларға презентацияда функцияның графигінің түрлендіруін көрсету және оны жұпта талқылауды ұсыну. (Қосымша №3)
Мақсаты: Жазықтықта берілген функцияның қандай функцияның графигінен алынғанын өткен білімдеріне сүйене отырып, айтуға жетелеу.
1) Функцияның түрлендіруі туралы қорытынды жасау және оның анықтамасымен таныстыру.
2) Оқушыларға осы түрлендіру қолдануына мысалдар келтіруді ұсыну және сыныппен талқылау.
Мысалы:
3. Топтық жұмыс.
Мақсаты: Топпен тақырыптың қорытындысына сүйене отырып, берілген функциялардың графиктерін сала білуге жаттықтыру.
(Қосымша №4.)
Бағалау: Әр топ келесі топтың жұмысымен танысып, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, қатесі болса түзетеді.
4. Жұптық жұмыс. Қосымша №5.
Мақсаты: Түрлендірудің қасиетін қолдана отырып, графиктерді бірлесе салу. (Бірінің түсінбегенін екіншісі түсіндіре алатындай жұптар құрастыру яғни білім деңгейлеріне қарай.)
Өзара бағалау: Жұптар арасында салыстыра отырып, тексеру және қателерін таба білу.
5. Қалыптастырушы бағалау.
Жеке жұмыс. «Сәйкестендір» берілген функция графиктерін формулаларымен сәйкестендіру. (Қосымша №6)
Мақсаты: Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру. .....



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Функция графиктерін түрлендіру (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)
» Функция графиктерін түрлендіру. Параллель көшіру. (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)
» Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіру арқылы салу. y=sinx функциясының графигін түрлендіру арқылы салу (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)
» Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіру (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)
» Кері тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Функция графиктерін түрлендіру Сығу және созу 10 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Функция графиктерін түрлендіру Сығу және созу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]