Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

 Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктердің графиктік берілуі
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.4 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесін шешу.
Сабақ мақсаттары: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешу дағдыларын қалыптастыру

• Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру
• Оқушылардың білімін өзектендіру
1) Сызықты функцияның графигі қандай болады?
2) Квадраттық функцияның графигі туралы не білесіздер?
• Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын оқушылармен бірге анықтау
STARTER(Сәйкестікті орнатыңыз)
І. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Мұғалім тақырыпты презентация көмегімен түсініктеме бере отырып түсіндіреді.
Анықтама:
Жүйе құрамындағы теңсіздіктердің арасында сызықтық емес екі айнымалы теңсіздік болса, онда ол екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі деп аталады.
Мысалы, келесі жүйе екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер саналады:

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі деп жүйенің әр теңсіздігін дұрыс сандық теңсіздікке айналдыратын айнымалылар мәндерінің жұптарының жиынын айтамыз.
Мысалы, координаталары (0; –1) болатын нүкте келесі екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің шешімдерінің бірі болады:

Екі айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу үшін сол жүйенің әрбір теңсіздігінің шешімдер облысын кескіндеу қажет. Барлық нүктелері үшін ортақ облыс теңсіздіктердің шешімі болады.
Мысал.
Теңсіздіктер жүйесінің шешімін қарастырайық;

Әрбір теңсіздіктегі y айнымалысын x арқылы өрнектейік;

Координаталық жазықтықта f (x) = 1 – x және
g (x) = x2 – x – 2 функцияларының графиктерін саламыз.

Берілген теңсіздіктер жүйесінің шешімі f (x) =1 – x түзуінің төменгі және g (x) = x2 – x – 2 параболасының жоғарғы облыстарының қиылысуы болып табылады. Яғни параболамен және түзумен шектелген облыс.

Мақсаты: Екі айнымалысы бар әрбір теңсіздіктегі y айнымалысын x арқылы өрнектеу.
Бағалау: мұғалімнің сұрақтарына жауап беруі арқылы бағаланады.

ІІ. Білімді бекіту. Жұптық жұмыс.
Мақсаты: Есеп шарты бойынша графикті дұрыс сала алу.
Бағалау: Жұптар бірі - бірінің жұмысын салыстырады. Мұғалімінің дұрыс жауабымен тексереді.
Шығарылған есептерге мұғалім кері байланыс береді.

ІІІ. Сергіту сәті
Оқушылар орындарынан тұрып, музыка ырғағымен ретсіз қозғалады. Музыка тоқтағанда бесеуден, кейін төртеуден, сосын үшеуден топтасу керек. Топқа кірмеген оқушылар ойыннан шығарылады.
Мақсаты: Оқушылардың қозғалысын қамтамасыз ету. Кинестетик типті оқушылардың қозғалыста болуын ескеру.

IV. Өзіндік жұмыс
Мақсаты: Теңсіздіктер мен графиктерді сәйкестендіре отырып, оқушылардың екі айнымалысы бар теңсіздіктерге графикті дұрыс салуға дағды қалыптастыру......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Екі айнымалысы бар теңсіздіктер (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)
» Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ 9 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]