Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер
Сабақ тақырыбы: Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.4 теоремаларды дәлелдеу әдістерін біледі: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі
Сабақ мақсаттары: Оқушылар теоремаларды дәлелдеудің тікелей әдісін біледі және қолданады.

Мұғалім оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырады.
Өтілетін тақырыптың өзектілігі.
Мұғалім оқушыларға дебатқа қатысқан кезде даулы сұрақтарға жауап беруде немесе эссе жазғанда, көп жағдайда өз көзқарасыңызды негіздеуге (дәлелдеуге) тура келетінін айтады. Осындай кезде өз көзқарасыңыздың дұрыстығына басқа адамды сендіру үшін дұрыс дәлел келтіре білу маңызды. Ол үшін сіздер дәлел ретінде әйгілі адамдардың айтқан сөздерін, ғылыми фактілерді келтіресіз немесе өмірлік тәжірибеге сүйенесіз. Сол сияқты геометрияда да тұжырымдалған теоремаларды аксиомаларға немесе бұрын дәлелденген теоремаларға сүйене отырып дәлелдеу қажет.
Жаңа материалды түсіндіру (Әңгімелесу, тілдік дағдыларды дамыту)
Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
- Теорема дегеніміз не?
Теорема – дәлелдеуді қажет ететін тұжырым.
- Теореманың дәлелдеуі дегеніміз не?
Дәлелдеу - қисынды ой қорытулар тәсілімен тұжырымның ақиқаттығына көз жеткізу.

Дәлелдеудің бірнеше стандартты типтері бар. Бүгін біз соның бірі – тікелей әдісті қарастырамыз.

Тікелей дәлелдеу аргументтерді қарастырудан тезисті дәлелдеуге қарай жүреді, яғни тезистің ақиқаттығы тікелей аргументтер арқылы негізделеді. Дәлелдеу былай жүреді: берілген (a, b, c) аргументтерден дәлелденетін q тезис шығады. Дәлелдеулер бұл тип бойынша сот тәжірибесінде, ғылымда, полемикада, оқушылар шығармаларында, мұғалім жаңа тақырып түсіндіргенде, т.б. келтіріледі.
Жаңа материалды түсіндіру (Жұптық жұмыс, тілдік дағдыларды дамыту)
Жұппен жұмыс жасай отырып, келесі тұжырымдарды негіздеуге тырысыңыздар:
1-мысал. «Кит өкпемен тыныстайды» тұжырымын дәлелдеу керек.
Осы тұжырымды тікелей дәлелдеудің бір нұсқасы:
«Барлық сүтқоректілер өкпемен тыныстайды. Кит – сүтқоректі. Осыдан кит өкпемен тыныстайтыны шығады».

Жұппен жұмыс жасай отырып, келесі тұжырымдарды негіздеуге тырысыңыздар:
2-мысал. «Қорқынышты түн болды» (А.Конан Дойл шығармасынан) тұжырымын дәлелдеу керек.
Берілген тұжырымды дәлелдейтін өз ойларына келген кез келген аргументтерді қолданыңыз.

Осы тұжырымның «тікелей дәлелдеуі» болатын А.Конан Дойл шығармасынан үзінді: «Қорқынышты түн болды: жел гуілдеді, жаңбыр терезені даңғырлатты. Кенет дауыл гүрсілі арасынан қорқыныш зары естілді».......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремалар 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Дөңгелектегі кесінділердің пропорционалдылығы туралы теоремалар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сыбайлас және вертикаль бұрыштар 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)
» Дөңгелектегі пропорционал кесінділер (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ 7 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Теоремаларды дәлелдеу әдістері: тікелей әдіс және «қарсы жору» әдісі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]