Санның стандарт түрі 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

 Санның стандарт түрі 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Санның стандарт түрі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.1.1 өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін);
7.1.1.2. санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;
Сабақ мақсаттары: Санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін білу, өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiну.

1) оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа шоғырландыру, түгелдеу;
2) сабақ тақырыбын, мақсатын және жоспарын хабарлау ;
4)мұғалім үй жұмысының шешу жолын көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын жасыл қаламмен тексереді.
5) Мұғалім оқушылармен оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды.
6) «Подсчет звезд» - 2 мин фильмін бірге қарап, экранда болған сандарды атауды сұрайды. Өте үлкен немесе өте кішкентай сандардың мысалын айтуды сұрайды.

Мысалы:
Казахстанның жер аумағы - 2,7 млн. км2
Халық саны- 17 853 200 адам
Жердің массасы былай жазылады: т, ал темірдің бір атомның массасы г
Стандарт түріндегі жазылған санның анықтамасы енгізіледі, анықтама дәптерге жазылады.
Өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiндіріледі.

6) Оқушылар жұптара бөлініп, төмендегі жаттығуды орындайды. Аяқтағанда бір-бірін тексереді
№ Сан Санның стандарт түрі Стандарт түрінде жазылған санның маңызды бөлігі Стандарт
Түрінде
Жазылған
санның реті
1 2 300
2 6,05·102 6,05
3 0,0035 –3
4 35 000 3,5
5 6,7·105 5
6 8,95 6
7 1,5·10–5

Стандарт түрде дұрыс жазылған санның әріпін таңда:

«нано»-10-9 миллиардтан бір
(грек т. көне грек νᾶνος, nanos — ергежейлі)

з) Өздік жұмыс.
Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Керек жағдайда мұғалім оқушыларға көмек көрсетеді. Орындалған жұмысты мұғалім бағалап, рекомендация береді.
1) Стандарт түрге келтіріңіз:
а) 350; б) 72000 ;
в) 0,026, г) 0, 00000905.
2) Стандарт түрге келтіріңіз:
а) сутегінің массасы
0, 000 000 000 000 000 000 000 02662 г;
б) су молекуласының диаметрі
0,000 000 03 см;
Өздік жұмысты толығымен қатесіз орындаған оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. ......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Санның стандарт түрі 2-сабақ 7 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Санның стандарт түрі 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]