Өсімдіктер (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктер (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат. Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер
Оқу мақсаттары: 2.2.1.3 өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Өсімдіктің негізгі бөліктерін біледі және ажыратады;
өсімдік бөліктерінің негізгі қызметтерін зерттейді ;өсімдік бөліктерінің қызметтерін сипаттайды.

(МК) Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
/оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды/

-Балалар, сабақтың тақырыбын анықтау үшін, жұмбақ шешіп көрейік.
Үйi де жоқ,
Күйi де жоқ.
Бiрақ
Жауыннан да,
Дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да,
Суыққа да
Шын шыдайды.
Шешуiн айта ғой,
Балалар бiлсiн жайды.
-Сонымен бұл не?
ӨСІМДІКТЕР

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушыларды 1. Тамыр 2. Сабақ 3. Жапырақ 4. Гүл атты 4 топқа бөлемін.
(Т) Ассоциациялық картаны толтыру
-Балалар, «өсімдіктер» дегенде ойларыңа не келеді?
Оқушылар топта ақылдаса отырып, барлық айтылған сөздерді жазыпғ картаны толтырады.
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Ұ) Оқушылармен диалог құру
-Балалар, өсімдіктер мен адамдардың қандай ұқсастықтары бар?
Мүмкін болатын жауаптар: тыныс алады, көбееді, қоректенеді, өседі, тірі ағза.

-Адамның қандай дене мүшелерін білесіңдер?
-Олар не үшін керек?
-Өсімдіктердің қандай дене мүшелері бар?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ұ,Т) Проблемалық сұрақ
-Өсімдік мүшелерінің қызметі қандай?
/оқушылар топта отырып, сұраққа жауап іздейді/
Әр топқа өздеріне берілген мүшенің қызметі бойынша топ алдында баяндама жасауды ұсынамын. Әр топ өз түсіндірмесінен кейін гүл мүшесінің суретін тақтада салуын өтініңіз.
Сергіту сәті «Гүлдер туралы ән»
(Ұ) «Лото» ойыны
Оқушыларға өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ және гүл) суреттерін және олардың қызметтері туралы кеспе қағаздар таратып беремін.Оқушылар өсімдік бөліктерін сәйкестендіреді..........



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Өсімдіктер 2 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Өсімдіктер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]