Атом – күрделі бөлшек (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Атом – күрделі бөлшек  (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы. ЖМБ
Сабақ тақырыбы: Атом – күрделі бөлшек
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.2 химиялық элементтің изотоптар қоспасындағы салыстырмалы атомдық массаларын есептеу
Сабақ мақсаттары: Изотоптар қоспасындағы химиялық элементтің салыстырмалы атомдық массасын есептеу

-оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.
-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады.
- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек.

Еске түсіру сұрақтары
«изотоптар ұғымын қайталау». Изотоптар (нуклидтер)

Ядроларында протон саны
бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар – изотоптар деп аталады. Изотоп грекше «Бір орынға
орналасушы» деген мағынаны
білдіреді.
Мысалы, сутек атомының изотоптарының суретін көрсете отырып топтық жұмыс ретінде талқылатуға болады.

Проблемалық сұрақ

Химиялық элементтің изотоптар қоспасындағы салыстырмалы атомдық массаларын қалай есептеуге болады?

Табиғатта хлордың екі түрлі изотопы кездеседі

Тапсырма
Осы берілген хлор изотоптарының ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстыра отырып талдауға болады

Атомдық массаны есептеу

Мұндағы D1, D2, ..., Dn –1-ші, 2-ші, ...,атомның изотопының үлесі;
Аr(1), Аr(2), ..., Ar(i) –1-ші, 2-ші , ..., атомдық массасы;
n – аталған элементтің изотоптарының саны.
Өз беттерімен орындау үшін,
мынадай бір есеп беруге болады
ЕСЕП: Табиғи магний 24Mg, 25Mg, 26Mg изотоптарынан тұрады. Бірінші нуклидтің атомдық үлесі 78.73%, ал екіншісінікі – 10.13% . Магнийдің салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз.
Проблемалық сұрақ
1. Магний атомының салыстырмалы атомдық массасы қанша?
2. Неліктен орташа салыстырмалы атомдық масса бөлшек сан болады?
Топтық жұмыстар
3. Табиғатта 63Cu (72,7%) және 65Cu (27,3%) изотоптар қоспасы кездесетін мыс атомының орташа салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз
4. Табиғатта бор элементінің екі түрлі изотопы 11В 80% және 10В 20% кездеседі. Бордың салыстырмалы атомдық массасын есептеңіз
Сұрақ
Бір элементтің әртүрлі изотоптарының нуклидтерінің айырмашылығы неде?
Жауабы . Бір элементтің әртүрлі изотоптарының нуклидтерінің айырмашылығы массалық сандарында, яғни нейтрондары мен массалық саны әртүрлі .......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Атом күрделі бөлшек. «Орташа салыстырмалы атомдық массаны есептеу» есептеу тақырыбына есептер шығару (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Изотоптар. «Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Салыстырмалы атомдық және молекулалық масса 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың қозғалысы 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Атом – күрделі бөлшек 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Атом – күрделі бөлшек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]