Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.2 минимум энергия принципі , Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне бағынады ,электрондық орбитальдардың толтырылу принципі;
Сабақ мақсаттары: Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелері бойынша электрондық орбитальдардың толтырылу принципін қолдану.

-оқушылардың зейінін шоғырландыруға - «Өзіңе тілек» және «сыныптастарыңа тілек» тілейді.
-сабақтың тақырыбы мен оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алынады.
- бағалау критерийімен таныстыру, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау керек.

Тапсырма, Ойланып тез жауап беру керек. Талқылау

1. Электронның күйін сипаттайтын квант сандарын қандай?
2. Бас квант санын қалай анықтаймыз, мәндері қандай?қалай белгілейміз?
3. Орбиталь квант сандарының қабылдайтын мәндері, қалай анықтайды
4. Магнит квантсаны қалай белгіленеді, мәндері қандай?
5. Спин квант сандарының мәндері, қалай анықталады
6. «энергетикалық деңгей » дегенімізді қалай түсесің?
Жаңа сабақ

Паули ұстанымы (принципі)
1925ж Швейцария ғалымы В.Паули атомдардың спектрлерін зерттей келіп мынадай ереже немесе принцип ұсынды: атомда төрт квант сандарының мәні бірдей болатын екі электрон болмайды.
мысалы: гелий атомында 2 электрон бар, оның екінші электронын квант сандарымен сипаттап көрелік.
n = 1, l =0, ml = 0, ms= -1/2 сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады, түсіндірмесі: бірінші энергетикалық деңгейде орналасқан, электрон бұлты шар тәрізді және ол кеңістікте бір ғана тәсілмен орналасады,сағат тіліне қарсы бағытта болады.
Хунд ережесі
Бір деңгейшедегі орналасқан электрондардың спин квант сандарының қосындысы максималь болуы шарт; ол үшін электрондар деңгейшеде алдымен бір- бірден, соңынан жұптаса орналасады.
Бір орбитальда спиндері қарама –қарсы бағытталған екі электрон ғана орналасады.

Клечковскийдің ережелеріне бағынады.
Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелерде орналасуы Клечковскийдің ережелеріне бағынады.
Атомның электрондары оның деңгейлері мен деңгейшелерінде бас және орбиталь квант сандарының қосындысының (n + l) өсу ретімен орналасады, ал егер екі деңгейше үшін (n + l) – дің мәні бідей болса, онда электрон алдымен l-дің мәні үлкен деңгейшеде орналасады.
Мысалы:
3d мен 4s орбитальдарындағы электрондар үшін 4s (4+0=4) және 3d (3+2=5) біле отырып, алғашқысының энергиясы соңғысынан кішірек екенін, егер n мен l қосындысы бірдей мәнге ие болса, энергия бас квант санының мәніне тәуелді болады.
Мысалы: 3d мен 4p үшін қосынды (3+2=5 , 4+1=5) бірдей 5 –ке тең. Бірақ
3d орбиталінің энергиясы 4p мен салыстырғанда аздау, өйткені біріншісінде n=3 те екіншісінде n=4
• Атомдағы электрондардың деңгейлер мен деңгейшелер де орналасуы
• 1s 2s 2p 3s 3p 4s 3d 4p 5s 4d 5p 6s 4f 5d 6p 7s 5f 6d
Тапсырма №1 ҚБ
Атомның электрондық формуласы берілген ол қай элементке сәйкес келеді:
• 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d5 4s1
a)Ae b)K c)Cr d)V
2. 1 тапсырмадағы жауабыңдағы элемент атомының квант сандарын анықта
Бағалау критерийлері
- Электрондық формуласы бойынша элемент атомынын анықтайды
- сол элементтің квант сандарын жаза алады
Қорытындысын өздері айтуы керек
Мен бүгінгі сабақта ----------------------түсіндім
1. Мен бүгінгі сабақта ----------------------үйрендім
2. Мен бүгінгі сабақ бойынша басқаларға ----------------------көмектесе аламын
3. Мен бүгінгі сабақ бойынша сұрағым бар--......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Хунд ережесі. Клечковский ережелері. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелер. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер. Кван сандары және орбитальдар 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Энергетикалық деңгейлер және деңгейшелер. Кван сандары және орбитальдар 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Паули принципі Хунд ережесі Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 1-сабақ 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Паули принципі Хунд ережесі Клечковскийдің ережелеріне электрондық орбитальдардың толтырылу принципі 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]