«Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.3 радиоактивтілік табиғатын және радиоактивті изотоптардың қолданылуын түсіндіру;
10.1.1.1 құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
Сабақ мақсаттары: Радиоактивтілік ұғымын және табиғатын біледі
Радиоактивті изотоптармен танысып, олардың қолданылу аясымен танысады
Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығарады.

Оқушылар смайликтер бойынша топқа бөлінеді.
Қайталау:Атом, құрылысы , құрамы туралы постер әзірлеу І топ қорғау, ІІ топ бағалау
Оқушыларға видео көрсетіледі.
Видео негізінде сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушылар ұсынылған сайттан изотоптар туралы оқып, танысады.
Талдау №7,8,9,10 слайдтар бойынша талдау.
Қосымша ақпарат: Жер бетіндегі көптеген атомдар тұрақты және өзгермейді. Бірақта кейбір атомдар мысалы көміртегінің 14- ші радиоактивті изотопы тұрақсыз, ол ыдырап, трансмутацияға ұшырайды және мүлдем басқа жаңа элемент шығады.Бұл процесс бірнеше миллисекунд немесе / мыс: уран/ миллиардтаған жылдарға созылуы мүмкін.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
1.Изотоптарды тұрақсыз қылатын негізгі фактор қандай?
2. Радиоактивті ыдырау дегеніміз не?
Жауабы: Радиоактивті ыдырау бұл тұрақсыз изотоптар тұрақты күйге айнала алатын процесс.
3.Радиоактивті ыдырауға ұшырайтын изотоптарды қалай атайды?
Жауабы: Тұрақты изотоптар.
4.Ыдырау процесінде энергия сіңіріледі немесе бөлінеді?
Жауабы: Ядролық ыдырау кезінде энергия бөлінеді.
5.Радиоизотоптар бөлетін энергиялар қайда қолданылады?
Жауабы: Радиоизотоптар медицинада диагностика және емдеуде қолданады, автомобиль өндірісінде материалдардың сапасы мен қалыңдығын, құрылыста олқылықтар мен калибровка тығыздығын тексеруге қолданылады
Элементар бөлшектер, радиоактивті изотоптардың ыдырау үрдістерімен таныстыру:
α- сәуле – оң заряталған бөлшектер ағыны(гелий атомының ядросы)
β –сәуле – өте шапшаң қозғалатын теріс зарядталған бөлшектер (электрондар)
γ – сәуле –электромагниттік сәулелену
Альфа ыдырау

Бета ыдырау

Жұптық жұмыс: №20,21 слайдтар бойынша радиоактивті ыдыраулар нәтижесінде түзілген жаңа атомдарды не элементтерді анықтау мақсатында тапсырмалар орындау
Топтық жұмыс:№22,23,24 слайдтар бойынша радиоактивті изотоптарды қолдану
Топтық жұмыс: ЖИГСО әдісімен
Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын шығару
І- топ Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу
ІІ- топ Құрамындағы элементтердің массалық қатынастары бойынша қосылыстың формуласын анықтау
ІІІ- топ Құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын анықтау......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Изотоптар. «Қосылыстың химиялық формуласын құрамынағы химиялық элемент атомдарының массалық үлесі арқылы анықтау» тақырыбына есептер шығару. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Химиялық формулалар бойынша есептеулер 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)
» Атом – күрделі бөлшек (Химия, 10 сынып, I тоқсан)
» Химиялық реакция бойынша «теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің шығымын есептеу» 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу» 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, «Құрамындағы химиялық элемент атомының массалық үлесі бойынша қосылыстың химиялық формуласын табу»

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]