Кристалдық торлар 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Кристалдық торлар 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ тақырыбы: Кристалдық торлар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - әртүрлі кристалл торларына ие қосылыстардың қасиеттерін болжау
Сабақ мақсаттары: Кристалл торларының түрлерін және ондағы байланыстарды анықтау;
Кристалл торларына тән қасиеттерді болжайды және түсіндіру;
Кристалл торларының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау.

Сәлемдесу. Оқушылармен келесі сұрақты талқылау арқылы оқу мақсатына қарай жетелеу:
Қандай заттарды электр желісі ретінде қолдануға болады?
Не себепті?

Оқушылар өздерінің 9-сыныптағы білімдерін еске түсіреді. Оқушыларға заттағы кристалл торларына қатысты/ассоциацияланатын сөздер тізбегін жазуды сұрау.
Оқушылармен бірге әрбір терминді талқылау және мәні-мағынасын айқындау.
Мысалы: делокализацияланған электрондар, металдық тор, иондар, ковалентті байланыс, макромолекула/гигантты молекула

(G) Оқушыларға келесі торлардың суреттері тапсырылады:

Осы суреттерге қарап, оқушылар келесі критерийлер бойынша талдау керек:
- кристалл торының түйіндерінде қандай бөлшек орналасқан?
- атом немесе иондарының арасында қандай байланыс бар?
- Электрөткізгіштігі қандай болуы мүмкін?
- Балқу және қайнау температурасы болуы мүмкін?
- Осындай кристалл торларына қандай заттарды жатқызуға болады?

Оқушылар өз жауаптарын талқылап, топ бойынша ортақ жауап береді.
Бағалау түрі - өзін-өзі бағалау.
Мұғалім өз кезегінде дұрыс жауапты көрсетіп, өзін-өзі тексеруге ұсыныс білдіреді. Өз жұмысындағы жіберген қателіктер бойынша оқушымен кішігірім талқылау жасауға болады.
(I) Жеке жұмыс/ CLIL стратегиясы

Оқушыларға келесі тапсырманы орындауға ұсынылады. Оқушылар терминдерге қазақ тілінде түсініктеме беріледі. Ең маңызды терминдердің астын сызып, бөлек жазып қоюларына болады.......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Кристалдық торлар 2-сабақ 10 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Кристалдық торлар 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]