Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 1-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақ тақырыбы: Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.7 күшті және әлсіз электролиттерге мысал келтіру және оларды ажырату, диссоциациялану дәрежесін анықтай білу
Сабақ мақсаттары: • Электролиттік диссоциация дәрежесін есептеуді үйрету;
• Әлсіз және күшті электролиттерді ажыратуды меңгерту;

Алдыңғы білімді белсендендіру сәті:
А) Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырату;
В) Электролиттік диссоциация теңдеулерін жазу;

Оқушылардың алдыңғы сабақта өткен электролиттік диссоциация теңдеулерін жазу және заттарды электролит, бейэлектролитке жіктей білу дағдысын бағалау мақсатында қосымша 1-дегі жұмысты ұйымдастыру.
Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс

Бағалау: мұғалімнің орындалған тапсырма бойынша кері байланыс беріп, бағалауы
Мұғалім осы сабақта электролиттер жөнінде білімдерін тереңдететінін хабарлайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі. Миға шабуыл:
Электролиттерді күшті, орта және әлсіз деп жіктеуінің себебі неде?
Қандай шама бойынша электролиттерді жіктейді деп ойлайсыңдар?

Оқушылардан күтілетін жауап: әртүрлі заттар сулы ерітіндіде толығымен иондарға ыдырай бермейді.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Электролиттік диссоциациялану дәрежесін талқылау және әлсіз бен күшті электролиттерді қарастыру
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс

Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы
Күшті және әлсіз электролиттерге Bilimland сайтынан бейне-түсіндірме көрсету. Оқушылармен бейне-түсіндірмені талқылау жүргізу және осы сайттан жүктелген қосымша 2-дегі тапсырманы орындату

Іс-әрекет түрі: жұппен жұмыс
Бағалау түрі: мұғалімнің онлайн жауабымен тексеріп, бағалауы
Мұғалім қорытындысы: Барлық электролиттер сулы ерітіндіде иондарға толығымен ыдырамайды.

Сабақты бекіту кезеңі:
Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында қосымша 3-дегі тапсырманы орындауға беріледі.
Іс-әрекет түрі: жеке жұмыс
Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау критерийлері бойынша бағалауы......



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Диссоциациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер 2-сабақ (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан қышқыл, негіз, тұздардың химиялық қасиеттері (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Электролиттік диссоциациялану теориясы (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы. (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
» Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім: "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы" (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Диссоциациялану дәрежесі Күшті және әлсіз электролиттер 1-сабақ 9 сынып химия, химиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, химия умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Диссоциациялану дәрежесі Күшті және әлсіз электролиттер 1-сабақ
  1. Гость Мадина
    Гость Мадина 27 октября 2020 10:50
    0 + 0 -
    Күшті
    [cmxgiven_youtube][cmxvalue_youtube][/cmxgiven_youtube] [cmxgiven_gallery][cmxvalue_gallery][/cmxgiven_gallery]

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]