Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеу 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеу 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

[quote] Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық өлшеулер
Сабақ тақырыбы: Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеу нәтижелерін өңдеу 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу;
10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;
10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу;
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:
Кездейсоқ және жүйелік қателіктерді ажыратады, физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін анықтайды
Оқушылардың көбісі:
Тура өлшеулер кезіндегі қателіктерді анықтай алады
Кейбір оқушылар:
Жанама өлшеулердің қателігін анықтайды.

Оқушылармен амандасу;
оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

7 сыныпта өткен материалды қайталау:

Өлшеу
Тура Жанама
тікелей құралдың көрсетуімен анықталады. шаманың сандық мәнін белгілі бір формула (тура өлшеу негізінде алынған шама) арқылы анықтау
Мысалы, уақытты - сағатпен немесе секундомермен, ал ұзындықты сызғышпен анықтайды.
Мысалы, өткізгіштің кедергісін мына формуламен анықтайды R=U/I, мұндаңы U және I өлшеуіш құралдармен өлшенеді

Қателіктер
Жүйелік Кездейсоқ
Егер эксперимент барысында құралдардың құрылысында ақаулар болса немесе аспаптар дұрыс орналастырылмаса, өлшеу тәсілі дұрыс таңдалмай немесе формула дұрыс қорытылмаған болса, онда жұмыс нәтижесінде жүйелік қателер орын алуы мүмкін Өлшенетін заттың өзіндік қасиеттерімен байланысты болатын қателер де кездейсоқ деп саналады. Осындай қатені кестедегі мәліметтер қатарынан анықтауға болады
Пайда болу себептері
1) өлшеу тәсілінің эталонға сай келмеуі;
2) өлшеуіш құралдарды дұрыс орнатпауы (көлбеулік тепе-теңдіктің бұзылуы);

Кездейсоқ қателерге
эксперимент жүргізушінің көру, есту қабілетіндегі ақаулар әсер ету мүмкін. Кездейсоқ қателердің себептері әр түрлі: температураның өзгеруі, жердің сілкінуі, жел; мұндай жағдайларды алдын ала ескеру мүмкін емес.

Абсолюттік және салыстырмалы қателіктер
Жуық мәннің абсолюттік қателігі деп жуық мән мен дәл мән айырмасының абсолют шамасын айтады.
Шаманың абсолют қателігін көрсету үшін, алынған мәнге қатысты интервалды көрсету қажет.
А_ш-ΔA



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Кездейсоқ және жүйелік қателіктер (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 3-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
» Өлшеу нәтижесін өңдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Физикалық шамалардың қателіктері Өлшеу нәтижелерін өңдеу 2-сабақ 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Физикалық шамалардың қателіктері Өлшеу нәтижелерін өңдеу 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]