Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін! Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!
Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын! Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін Қуанышқа құшағың тола берсін. Ескі жылың есіркеп көкейіңде Қимас шақтың бірі боп кала берсін! Жаңа жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! Барша қазақстандықтарды жаңа жылдарымен құттықтаймын! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!
Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым! Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.
Қазақтың бағына бұйырған дүбірлі діни мерекеміз қасиетті Құрбан айт мүбәрак болсын! Құтты болғай! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Қасиетті айттан айтқа аман-есен жете берейік!
---
Құрбан айт күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы. Ренжіскен кешіріп, ажырасқан татуласып, Алла жолына құрбандық шалынып, зікірлер айтылып, садақалар берілетін, бауырмалдықты....