Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог

Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог

Ыбырай Алтынсарин туралы шығарма

Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог туралы мәтін Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған. Ыбырай Алтынсариннің өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол ұлы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде 52 орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін тереңдетеді. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады, сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Шалғай түкпірде мектеп ашу, оны ұйымдастыру өте қиын еді, қаражат жоқ, мектеп үйі жоқ, оқытушылар аз, оқулықтар жоқ. Алтынсарин осы да, басқа да қиындықтарды жеңді. 1879 жылы Алтынсариннің әйгілі «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты екі кітабы шықты. Алтынсарин жазушылық қызмет те атқарған, оның «Бай мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Надандық» т.б. шығармалары халыққа белгілі. Сондай-ақ «Кел, балалар, оқылық», «Жаз» т.б. өлеңдері де белгілі. Ұлы педагогтің «Кел, балалар, оқылық» деп басталатын өлеңі жастарды өлеңі жастарды өнер, білімге шақырған ұран ретінде оқулықтардан әлі орын алып келеді. Ыбырай Алтынсарин аудармашылық талантымен де ерекше танылған. Алтынсарин туралы көркем шығармалар, ғылыми-зерттеулер көп жазылды. Қостанайда ескерткіш қойылды. Республикадағы ғылыми мекемелердің бірі – Ұлттық білім академиясы Алтынсарин атымен атылады. Алтынсаринді халық «Ұстаздардың ұстазы» деп біледі.




Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог туралы мәтін, Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог туралы шығарма, Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог туралы эссе, эссе, шығарма, шыгарма, мәтін, Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]