Электроника

Электроника

  Электроника – ғылым мен техниканың вакуумда, газда, сұйықта, қатты дене мен плазмада, сондай-ақ олардың бір-бірімен жанасу шекарасында байқалатын электрондық және иондық құбылыстарды зерттеуге және оларды қолдануға арналған саласы. Оның физикалық электроника және техникалық электроника деп аталатын басты екі саласы бар. Физикалық электроника электрондық және иондық құбылыстарды, электрондық және иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды құрастыру принципін, электрондық және иондық приборлардың көмегімен электр энергиясын қабылдау, түрлендіру және беру принциптерін, электрондар мен иондар ағынының затқа әсер ету механизмін теориялық және тәжірибелік жолмен зерттейді. Техникалық (қолданылмалы) электроника электрондық және иондық приборларды, құрылғылар мен қондырғыларды ғылымда, өнеркәсіпте, байланыста, ауыл шаруашылығында, құрылыста, көлікте т.б. салаларда пайдаланудың теориясы мен практикасын қамтиды. Электроника пайда болмастан бұрын электр доғасы (1802), газдағы солғын разряд (1850), катод сәулелері (1859) т.б. ашылып, қыздыру шамы (1873) құрастырылды. Ғылым мен техниканың дербес саласы ретінде электроника тек ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасты. Бұл кезеңде термоэлектрондық эмиссия (1883), фотоэлектрондық эмиссия (1889) құбылыстары ашылды, электронды сәулелік түтік (1897), вакуумдық диод (1904), вакуумдық триод (1907), кристалдық детектор (1900 – 05) жасалды. Радионың ойлап табылуы (1895) электрониканың одан әрі дамуына шешуші ықпал етті. Электрониканы адамның іс-әрекетінің әр алуан саласында пайдалану нәтижесінде ой еңбегі мен дене еңбегінің өнімділігін күрт арттыруға, өндірістің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, басқа тәсілдермен орындалмайтын кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Техникалық электроника радиоэлектроника, өнеркәсіптік электроника, көліктік электроника, медициналық электроника, геологиялық электроника, ядролық электроника т.б. жеке салаларға бөлінеді. 18 Ал техникалық электрониканың құрылғылары мен жүйелері ақпараттық электроника (атқарушы тетікті технологиялық процесс пен биологиялық нысанды басқару, өлшеу, қадағалау мақсатында қажетті ақпаратты қабылдау, жинақтау, өңдеу, сақтау, беру мәселелеріне арналды), энергетикалық электроника (электр энергиясын өндіру, түрлендіру және беруге арналады) және технологиялық электроника (материалдарды не бұйымдарды механикалық, термиялық т.б. өңдеу мақсатында затқа электромагниттік өрістің не бөлшектер ағынының тікелей әсер етуіне арналады) болып 3 класқа ажыратылады




Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Электроника туралы мәтін, Электроника туралы шығарма, Электроника туралы эссе, эссе, шығарма, шыгарма, мәтін, Электроника

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]