Өлеңдер

Тіл туралы өлеңдер

Қазақ ақындарының ана тілі туралы жазған ең үздік шығармалары. Топтамада Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қадыр Мырза Әли, Мұзафар Әлімбай сияқты қазақ әдебиетінің белді тұлғаларының туындылары бар.
Өлеңдер
Толық

Туған жер және Отан туралы өлеңдер

Отан деген не? «Отан» деп отбасы мен ошақ қасын, ауасын жұтып, суын ішіп жүрген, байлығы мол кең-байтақ жерді, қазыналы қарттармен, ақ жаулықты әжелеріміз тай құлындай бірге өскен құрбы-құрдастарымыз бар ауылды, қадірлі ата-ана, жарымыз бен баламыз жүрген елді айтамыз. Міне, осы туған ел мен жерге ие болу, амандығын тілеу – әрбір мұсылманның діни, әрі азаматтық борышы. Отан тақырыбына қалам тербегендер көп. Осыған орай, Отан туралы жазылған 10 өлең ұсынады.
Өлеңдер
Толық

Ұлы Абайға арнау

Ұлы Абайға арнау.
Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде,
МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне.
Жаныңа жақын Татьянаның хаттары,
Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
Өлеңдер
Толық

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу

Это важно!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Өлеңдер
Толық

Сен кеттің

Сен кеттің...

Шын сүйдірдің жүрегімді несіне,
Ғашық еттің мөлдір қара көзіне. 
Өзің берген махаббаттын жылуын,
Өзің алып кеткенің бе? Сұлуым.

Саған арнап жаздым мен соңғы өлең,
Махаббатымды түсінесін батсан терен.
Сені Жаным бақытым деп жүргенімде, 
Қол ұстасып басқаменен кеткенің бе?

Есімің жазылып қойған жүрегімде,
Несіне күнәртамын күзге неге?
Өткен күнді алып елестетіп есіме,
Бүгін кірдің тағы менің түсіме.

Есіңде ме? Болған еді қанша арман, 
Арман, мақсат барлығы енді жалған.
Құс болып ұшып кеттің жанарымнан,
Сезімімді қайтаршы қымбат маған.

Басқаның көңіліне шаттық сыйлап,
Кеттің бе? Жүрегімді жаралап.
Енді сені ойлауды доғарамын.
Одан басқа қалды ма? Амалым.

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 26.07.20ж 18:02

#Шабыт#Келгенде#


Өлеңдер
Толық

Ай мен Жұлдыз

 Ай мен Жұлдыз

Күн батып, шықты көктен жарқырап 
Қараңғы түн, тұла бойым маужырап 
Бұлт арасынан сәулесін төгіп жерге
Қарай берген сенің сұлу келбетіне

Айлы түні жарық жұлдыз көгімде 
Көк аспанда бұлтсыз қара түнімде
Көзге түсті жарық жұлдыз ерекше
Қарай бердім көзім тоймай көркіне 

Ай мен Жұлдыз жарасардай біріне
Бірі болмаса сұлулығы кетер ме?
Көп жұлдыздың ішінен сені тандадым 
Жерге төкті сәулесін, бар махаббатын

Екеуі жанады аспанды жарық қылып
Қараймын да, таңырқаймын үңіліп 
Ай мен Жұлдыз болмаса жер бетінде 
Аспан түні қараңғыдай өтер ме?

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні:29.05.20ж

#Шабыт#Келгенде#
Өлеңдер
Толық

Кездестірдім

Кездестірдім

Қаншама күндер өтті іздеуменен 
Адастырды махаббат, бақыт деген 
Сағымбысын түсіме мың бір енген
Түсімде еркелетіп бағым деп жүрген

Сағындырып түсіме кіресің күнде
Сағындырып жүректі жүрсін неге?
Ояна келсем сен жоқсын жанымда 
Арман да жоқ көрсем егер алдымда

Өзіңсіз талай қанша таңым атты?
Жылдар өтіп, көктем гүлі жайқалды
Санамды сағыныш көлі толқыйды
Мейлі сағым қинай берсің жанымды

Айлы аспан, жұлдызды жарық түні
Жолықтырдым өзіңді, күзді күні
Бір сезім жүрегімді дір еткізді
Ғашық еткен нөсерлеген күз бізді

Қол жетпеген өмірдегі бағымбысын?
Әлде менім кеудемдегі сағымбысын?
Жүректегі пәк сезімім оянғанда 
Кездестірдім жібермеймін енді ешқайда 
 
Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 04.06.20 ж
Өлеңдер
Толық

Сүйе алмаспын өзгені

Сүйе алмаспын өзгені

Бір өзіннен басқаны сүйе алмаспын,
Сезімім бар махаббат деп аталатын. 
Қимаймын өзіңді басқа ешкімге,
Мәңгі қалсын есімің жүрегімде.

Суыта алмас сезімді жаным барда,
Мейлі арамыз тым алыс болсада.
Ойымда өзіннің бейнен сақталғанда,
Сүйемін, сүйе беремін өзіңді ғана

Сеннен басқа жанды мүлде таппадым 
Жүрегімнен өшпес бұл махаббатым
Құс болып ұшып кетсен қанат қағып
Қаласын бақытым болып байланып

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 09.06.20ж

#Шабыт#Келгенде#
Өлеңдер
Толық