Көпбалалы отбасыларға баспана беріледі


Алматы облысының әкімі Амандық Баталов көпбалалы отбасыларға мыңнан аса баспана берілетінін айтты.


Оның айтуынша, Алматы облысының орталығы Талдықорғанда 670 үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Биыл үйлердің 345-і пайдалануға беріледі.


«Нұрлы жер» жобасы аясында тұрғын үй  және инженерлік инфрақұрылымға 38,3 млрд теңге бөлінді. Облыста жиыны 2843 пәтерден тұратын 566 тұрғын үй салынуда. Оның 1020-сы көпбалалы отбасыларға беріледі. 1533 отбасы «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламалары бойынша пәтер алады.



Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Нұрлы жер, Алматы, отбасыларға, тұрғын, облысының, беріледі, көпбалалы, тұратын, инфрақұрылымға, теңге, бөлінді, Облыста, жиыны, пәтерден, салынуда, әкімі, отбасы, «Бақытты, отбасы», «Шаңырақ, бағдарламалары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]