Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер

МӘМС төлемдерін қалай төлеуге болады


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық ЖК осы айда табыс болғанына немесе болмағанына қарамастан, өзі үшін МӘМС 2975 теңге мөлшерінде төлеуге міндетті.
Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық

Қарызыңыз бар ма жоқ па? Қалай интернет арқылы онлайн білуге болады?

Мұнда сіз өзіңіздің салық берешегін біле аласыз, Көлік, жылжымайтын мүлік, зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, медициналық сақтандыру берешегі туралы мәлімет ала аласыз.
Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық

Жалпыға бірдей декларация дегеніміз не?

2020 жылдан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Бұл дегеніміз, біз оңайлатылған немесе кеңейтілген түрде табыс туралы бастапқы (кіріс) декларациясын тапсырамыз және осыған байланысты салық төлейміз.
Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер: Қазақты құртатын – «Шүкіршілдік»

Ахметбек Нұрсила, кәсіпкер, алғашқы қазақтілді бизнес-тренерлердің бірі. «Швабские колбаски” шұжық комбинатының иесі. “Асыл ағаш” (“Heaven House`) сауда маркасымен Павлодардағы жиһаз фабрикасын банкрот болып жатқан жерінен көтерген бизнесмен. 2001 жылы Қазақстан Президенті жанындағы Кәсіпкерлерлер кеңесінің мүшесі болған. “Саржайлау” қымыз шұбат өндірісі компаниясының иесі және бас директоры. Семей-тері тон тігу комбинатының негізін қалаушы. Үржар ет комбинатын банкроттықтан көтерді. «Пестициды» ЖШС тыңайтқыштар сататын компанияның акционері.

Бірнеше бизнес-жобаның негізін қалап, жүзеге асырған қазақ кәсіпкері Ахметбек Нұрсила — соңғы жылдары интернет-аудитория, әсіресе, Facebook қолданушылары үшін жақсы таныс тұлға. Қазір "Бизнес Бастау" атты жас кәсіпкерлік мектебінің иесі. Qamshy.kz сайты кәсіпкермен сұхбаттасып қайтқан еді.

– Ахметбек аға, қазақтың кәсіпке икемі жоқ деген түсінік біздің санамызға сіңісті болып қалған тәрізді. Көзін малмен ашқан халықпыз дейміз, бірақ мал бағып, шалқып отқан қазақ аз. Бизнеске ол икеміміз аз дейміз. Той-тойлап, ел сынауға келгенде алдымызға жан салмай кетеміз. Қалай ойлайсыз, қазақтар шынымен кәсіпке икемсіз ба?....
Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық

Ақша үнемдеудің сегіз тәсілі

Әлемдік дағдарыс барлық жанұяға әсер етері хақ. Айналамызда қарыздан-қарызға батып, өз дағдарысынан шыға алмай жүрген жандар қаншама? Біріншіден, алдыңызға мақсат қоя біліңіз және өмірге оптимистік көзқараспен қараңыз! Ешқашан «Ақша жоқ!» деп айтпаңыз. Осы күнге тәубе деп, төмендегі қағидаларды ұстанып жүрсеңіз, дағдарыстың сізді айналып өтеріне сеніңіз!

♠ Шығынды алдын-ала жоспарлаңыз
Шығындарыңызды күнделікті жоспарлау сізді жалықтырып жіберуі мүмкін, әйтсе де, бұл далаға шашылған артық ақшаны азайтудың ең тиімді жолы. Бұл тәсіл арқылы ойда-жоқта жасалған сауда мен мақсатсыз жұмсалған қаражаттың қатары сирейді. Әрі осы әдіспен ақшаның басым бөлігі қайда кететінін біліп отырасыз. ......
Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық

Бизнес-жоспар қалай құру керек

Өз ісін бастағысы келгендердің көбі, оны бастамайды да. Оның себебі қарапайым – бизнесті іске қосу үшін жасау керек жұмыстың тізімі өзінің ауқымымен еңсені басады. Осы басылымда бизнес-жоспарды жасауға байланысты барлық негізгі аспектілер қарастырылады. Оқысаңыздар көптеген нәрселер қарапайым және анық болып көрінеді.

Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық

Миллиардер бай болғысы келетіндерге 10 құпиясын ашты

Карлос Слим Элу әлемдегі атақты миллиардерлер қатарына жатады. Ол байлығы асып-тасып жатса да, салауатты өмір салтын ұстанады. Мексика магнаты өзіне аптасына 24 мың доллардан.....
Бизнеске және кәсіпкерге кеңестер
Толық