Ертегі

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ашына атауы

Әбілет пен Тәбілеттің алғаш туған баласы Ібіліс екен. Онан кейін Ашына деген қызды туыпты. Артынша Дию мен Жын деген егіз баласы дүниеге келіпті
Ертегі
Толық

Еркіліктің он сегіз тозағы

Үлкен Тәңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін Үш Құрбыстан оған өлгендердің жандарын сотқа тартып, жазалауды тапсырды. Осылайша, барлық өлгендердің тағдыры Еркіліктің қолына көшті.
Ертегі
Толық

Жетіген аспабының шығу тарихы

Баяғыда Жетіген деген қарияның жеті ұлы болыпты. Бір жылы елге зобалаң келіп, ұлдары өмірден өтеді. Көп жылап, жанары суалған қария ағашты ойып, аспап жасайды. Оған әр баласы өлген сайын жылқы қылынан ішек тағып отырады.
Ертегі
Толық

Бұқтым-бұқтым

Жәлел ауылына жалғасотыратын бір байдың жылқысынан екі атты ұстап алып, бірін мініп, бірін жетелеп, Құрманғазы Әуесті алып кеткен солдаттарды қуады.
Ертегі
Толық

Сақалымды сипама

Алла тағала ең алғаш жер бетіне иелік ету Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлықты жібереді. Оларға қақ тастан үй салып беріп:
Сендерді жер бетіне жібердім.
Ертегі
Толық

Британ ертегісі: Готемдік данышпандар

ГОТЕМДІК ДАНЫШПАНДАРДЫҢ ҚОЙ САТЫП АЛУҒА БАРУЫ

Бір күні готемдік екі данышпан Нотиңгем-бридж көпірінің үстінде кездеседі. Оның біреуі Нотиңгемдегі мал базарына қой сатып алуға бара жатыр екен де, екіншісінің базардан қайтып келе жатқан беті екен.

‒ Қайда бара жатырсың? ‒ деп сұрайды базардан келе жатқаны ауылдасынан.

‒ Қой сатып алуға бара жатырмын, ‒ дейді оған жерлесі.

‒ «Қой сатып алам?» Оны қай жолмен айдап келмексің?

‒ Осы көпірдің үстіме айдап өтем.......
Ертегі
Толық

Британ ертегісі: Жалба тышқан мен жұлба тышқан

Жалба Тышқан мен Жұлба Тышқан бір үйде тұрыпты. Бір күні Жалба Тышқан масақ теруге барады. Оның артынан Жұлба Тышқан да масақ теруге барады. Сөйтіп екеуі де масақ теруге барыпты. Жалба Тышқан бидайдың сабағын тауып әкеледі. Жұлба Тышқан да бидай сабағын тауып әкеледі. Сөйтіп екеуі де бидай сабағын теріп әкеледі. Жалба Тышқан бидайдан пудиңг6 дайындайды. Жұлба Тышқан да бидайдан пудиңг дайындайды. Сөйтіп екеуі де бидайдан пудиңг дайындайды
Жалба Тышқан пудиңгті қазанға салып, қайнатуға қояды. Жұлба Тышқан да өзінің пудиңгін қазанға салып, қайнатуға қояйын деген кезде қазан төңкеріліп кетіп, Жұлба Тышқан ыстық суға күйіп мерт болады. Жалба Тышқан отыра қап, өкіріп жылайды.
Сонда үш аяқты орындық одан:
─ Жалба, неге жылап тұрсың? ─ деп сұрайды.
─ Жұлба қайтыс болды, соған қайғырып жылап отырмын, ─ дейді.
Орындық: ─ Олай болса, мен секіремін, ─дейді де, секіре жөнеледі.
Сонда бұрышта тұрған сыпырғы орындықтан:
─ Орындық, неге секіре бересің? ─ деп сұрайды.......
Ертегі
Толық

Британ ертегісі: Жалқау Джәк

Ерте ерте, ертеде Джәк атты жас жігіт болыпты. Ол шешесі екеуі жатақта өте жұпыны өмір сүріпті. Шешесі жүн иіріп сатады екен. Екеуі соған жан бағыпты. Джәк жазда күнге қыздырынып, қыста ошақ қасында жылынып жатудан өзге түк бітірмейді екен. Сондықтан жұрт оны Жалқау Джәк атап кетіпті. Шешесі сорлы қанша зарласа да, жұмыс істеу оның ойына да кіріп шықпайды. Бірде шешесі шыдамы тауысылып, «өз наныңды өзің таппасаң, үйден қуып шығам» деп ашуланыпты.
Джәк сонда ғана орнынан тұрып, көрші ауылдағы бір фермерге жұмысқа жалданады. Бірақ бұрын-соңды ақша ұстап көрмегендіктен үйге қайтып келе жатып тапқан табысын арықтан аттап өтем дегенде жоғалтып алады.
– Жарымес-ау, ақшаны қалтаңа салып алмадың ба! – дейді шешесі оған кейіп.
– Жақсы, ендігіде солай істеймін, – дейді Джәк.
Ертесіне жігіт сиыршыға жалданады. Сиыршы еңбекақысына бір құмыра сүт береді. Джәк сүтті күртешесінің үлкен қалтасына құйып алады. Сүт жол-жөнекей тамшылап, түк қалмай төгіліп қалады.
– Қымбаттым-ау, құмыраны басыңа қойып алмадың ба! – дейді шешесі оған
кейіп.......
Ертегі
Толық

Британ ертегісі: Ештеңеден қорықпайтын Мери

Ертеде Мери деген қыз болыпты. Ол бір фермердің үй күтушісі екен. Бірде фермер жора-жолдастарымен көңіл көтеріп отырып шарабы таусылып қалады. Фермер Мериді шақырып алады да, пабқа2барып бір шөлмек шарап алып келуді бұйырады. Жеті қараңғы түн мезгілі болғандықтан қонақтар оған:
‒ Тас қараңғы түнде жалғыз өзі жүруге қорқатын шығар, бармай-ақ қойсыншы, ‒ дейді.
‒ Жоқ, қорықпайды. Біздің Мери ештеңеден қорықпайды, өліден де тіріден қорықпайды, ‒ дейді оған фермер.
Қыз көп күттірмей, қожайынның тапсырмасын орындап келеді. Қонақтар таңдай қағысады.
‒ Бұл түк емес! ‒ дейді фермер сонда. ‒ Біздің Мери түн ортасында кез келген жұмсаған жерге бара береді. Ол адамзаттан да, ғаламзаттан да, өліден де, тіріден де корықпайды. Сенбесеңдер, бәстесейік! Түнде кеп Мериді бір жаққа жұмсаңдар. Корқып бармай қойса, алтын гинея берем.
Қонақтардың біреуі Меридің өжеттігін келесі аптада тексермек боп тарайды.
Сол арада әлгі келісім берген адам шіркеуге барып, парсоннан3шіркеу қақпасының кілтін сұрап алады. Қарауылға жарты гинея ақша беріп, «түнде зиратқа келген қызды қорқыт» деп тапсырады.
Межелі күні ол фермердің үйіне келеді де айтады:......
Ертегі
Толық

Британ ертегісі: Тауық-сауық

Бірде Тауық-Сауық есіктің алдында дән шоқып жүреді. Бір кезде «тық» деп басына емен жаңғағы құлап түседі.
– О, Жаратқан Ием! Аспан жерге құлайын деп тұр! – дейді Тауық-Сауық зәресі ұшып. – Тез корольге хабар беру керек!
Сөйтіп жарбалаңдап жүгіре жөнеледі. Жүгіріп келеді, жүгіріп келеді, жүгіріп келеді, жолда Әтеш-Тәтеш жолығып:
– Қайда барасың, Тауық-Сауық? деп сұрайды.
– Сұмдық! Аспан жерге құлайын деп тұр. Тез корольге хабар беру керек!
– Сенімен бірге баруыма бола ма?
– Әлбетте.
Екеуі жүгіріп келеді, жүгіріп келеді, жүгіріп келеді, жолда Үйрек-Сүйрек жолығып:
– Қайда барасыңдар, Тауық-Сауық пен Әтеш-Тәтеш? деп сұрайды.
– Сұмдық! Аспан жерге құлайын деп тұр. Тез корольге хабар беру керек!
– Сендермен бірге баруыма бола ма?......
Ертегі
Толық